Жолымбет кенішінде шахтаға түсіп кеткен адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысы Шортанды ауданы аумағындағы Жолымбет кенішінде бір адам шахтаға түсіп кетіп, мерт болды,

Жолымбет кенішінде шахтаға түсіп кеткен адам мерт болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен сенбі күні таңғы 6 сағат 25 минутта «Қазақалтын» мемлекеттік таукен комбинаты» акционерлік қоғамына қарасты Жолымбет кенішінің «Слепая №-4» шахтасында кезекті ауысым оралып келе жатқанда қайғылы оқиға тіркелген. Акционерлік қоғамда аккумуляторды реттеуші болып жұмыс істейтін 1958-ші жылғы Жолымбет кентінің тұрғыны шахтаға түсіп кеткен. Мәйіт шахта тереңдігінен арнайы әскери құтқарушылар көмегімен жер бетіне шығарылған. Қазір тергеу амалдары жалғастырылуда.