Жомарт Әбиесов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы болды

Жомарт Әбиесов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы болып  тағайындалды
Фото: gov.kz

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының бұйрығымен Жомарт Әбиесов Агенттіктің аппарат басшысы болып  тағайындалды, деп хабарлайды  Kazinform ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Сингапур ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебінің магистрі.

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің «Резерв» РМК бас маманы болып бастаған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, ҚР Үкіметі және ҚР Ұлттық Банкі жанындағы «Ұлттық талдау орталығында», ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде жұмыс істеді.

2002-2008 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі, бас инспекторы, басшы орынбасары, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болды.

2008-2011 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, 2011-2014 жылдары – «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы, 2014-2015 жылдары – «ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК директорының бірінші орынбасары.

2016-2019 жылдары «Астана» ХҚО басқарушысының кеңесшісі, «Қазпошта» АҚ трансформация жөніндегі басқарушы директоры, «Каспий ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы, Стратегиялық бастамалар орталығының басқарушы серіктесі болды.

2019-2023 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары, мемлекеттік инспекторы, Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Мемлекеттік басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар