18:44, 19 Наурыз 2019 | GMT +6
Жомарт Ертаев Алматыға жеткізілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жомарт Ертаев Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Іс материалдары Алматы мамандандырылған ауданаралық сотына бағытталды», - деп хабарлады соттан.
Бұрын хабарлағанымыздай, Жомарт Ертаевпен бірге банктің 41 топ менеджері мен жұмысшысы күдікке ілінген еді.
Айта кетуге керек, Жомарт Ертаев биыл 15 наурызда Қазақстанға экстрадицияланған болатын.