Сарыарқа — Кенесары көшелерінің қиылысы жөндеуге жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылын орташа жөндеу шеңберінде Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында жұмыстар жүргізілетін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.
Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 8 маусымы сағат 20:00–ден 9 маусым сағат 22:00–ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Cондай-ақ М1 (Сарайшық-Мәңгілік Ел) жол айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмыстар М1 жол айырығының келесі учаскелерінде жүргізіліп жатыр:
- Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына оң жақ съезд.
- Мәңгілік Ел даңғылынан Сарайшық көшесіне оң жақ съезд.
8 маусымы сағат 18:00-ден 10 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.