Жөндеу жұмыстарына байланысты Шалкөлде көшесінің бір бөлігі жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шалкөлде көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.
Осыған байланысты 9-14 шілде күндері Шарбақты көшесінен Бакен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.