Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты бірқатар пойыз қозғалысының кестесі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы-Шу темір жолы учаскесінде жөндеу-монтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Астана-Алматы» қатынасы бойынша №10 жолаушылар пойызы Астана стансасынан 2016 жылғы 5 қыркүйекте сағат 22. 15 минутта шығып, жалпы уақытын 6 сағат 12 минутқа ұлғайтып, Алматы стансасына 2016 жылғы 6 қыркүйекте сағат 23.28 минутта келеді.
«Алматы-Астана» қатынасы бойынша №9 пойыз Алматы стансасынан 2016 жылғы 7 қыркүйекте сағат 02. 14 минутта (06.09.16ж. сағат 20.46 минут орнына) аттанып, Астана стансасына сол күні сағат 20.35 минутта келеді.
Сондай-ақ осы жылғы 4-8 қыркүйек аралығы кезеңінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №3/4 «Алматы-2-Астана», №34 «Ақтөбе-Алматы-1», №41 «Алматы-1-Атырау», №43 «Алматы-1-Қостанай», №51 «Алматы-1-Қарағанды», №22/21 «Қызылорда-Семей», №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» және №6946/6945 «Шу-Отар» пойыздарының кестесі өзгерді.