15:35, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Жөндеу жұмыстарына байланысты Алматының бас жақ бөлігінде жарық өшіріледі
АЛМАТЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты қаланың бас жақ бөлігіндегі аудандарда жарық уақытша өшіріледі, деп хабарлайды «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС баспасөз қызметі.
«АлЭС» АҚ -нан алынған ақпаратқа сүйенсек, Каскад ЖЭС-індегі жөндеу жұмыстарына байланысты 18-20 сәуірде ЖЭС-7-дегі ВЛ-6кВ-пен №11 бағанға қосылған «Нұрлытау» поселкесі бағытында жарық өшіріледі.