20:40, 11 Шілде 2024 | GMT +5
Жөндеуге байланысты елордадағы Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада Сығанақ көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Айтматов көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскедегі Сығанақ көшесінде қозғалыс ішінара шектеледі. Көшені жабу осы жылдың 13-28 шілде аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы бір бағытта жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.