Жоңғар Алатауында таутекелер фототұзаққа түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумақтарында жүргізілген мониторинг кезінде бейнебақылау құрылғысына таутекелер (Capra sibirica) түсіп қалды. 

Жоңғар Алатауында таутекелер бейнебақылауға түсті
Фото: видеодан алынғын скрин

Биік таулар мен тік жартастар — таутекенің табиғи мекені. Ол күрделі жер бедеріне жақсы бейімделген және таулы экожүйедегі қоректік тізбектің маңызды бөлігі саналады.

Мұндай кадрлар тек қызықты көрініс емес. Бейнематериалдар мамандарға таутекелердің мекендеу ортасын, қозғалысы мен мінез-құлқын зерттеуге мүмкіндік беретін құнды ғылыми дерек береді.

Ал бізге Жоңғар Алатауындағы жабайы табиғаттың күнделікті тіршілігін бір сәтке бақылауға мүмкіндік береді. 

Айта кетелік «Алтын-Емел» ұлттық паркінде тауешкілер тобы фототұзаққа түскен еді