Жоңғар Алатауында тұз жалауға келген аңдар фототұзаққа түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті тұзжалаққа келген жануарлардың видеосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоңғар Алатауы ұлттық паркі қызметкерлері жыл сайын парк аумағындағы жабайы жануарларға арнап биотехниялық іс-шаралар жүргізді.
2022 жылы табиғат қорғау мекемесі территориясындағы 315 жасанды тұзжалаққа 9450 келі тұз салынды.
Жабайы жануарлардың тұзжалаққа келу сәттері фототұзаққа түскен.
Айта кету керек, биотехнологиялық іс-шаралардың нәтижесінде парк аумағындағы жабайы жануарлардың саны тұрақтанып жатыр.
Фото, видео: instagram.com/qazfwc