ЖОО-лардың 2010 жылғы ең үздік оқутушыларын марапаттау рәсімі өтеді

АЛМАТЫ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ақпанның 12-сі күні Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында Жоғары оқу орындарының 2010 жылғы ең үздік оқытушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді.
None
None

Естеріңізге сала кетейік аталмыш конкурсқа 86 оқу орнынан 1000 үміткер қатысты. Бұлардың арасынан 42 жоғарғы оқу орнының 200 оқытушысы грант иегері атанған еді. Байқауға қатысқандардың 68 пайызы - ғылым докторлары мен профессорлары, қалғандары ғылым кандидаттары мен PhD докторанттар. Грант иегерлері шетелдік университеттерде: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Испания, Бельгия, Польша, Чехия, Венгрия, Швеция, Австрия, Болгария, Литва, Латвия, Ресейде тәжірибелік өтілімнен өтуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ, грант иегерлері бір жыл көлемінде шетелге ғылыми тақырыптары төңірегінде халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиум, конгресс, семинарларға қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар