ЖОО-ның кітапханалары қазақ тіліндегі 8 жаңа оқулықпен толықты

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы «ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің демеушілігімен басылып шыққан 8 жаңа оқулықты Ұлттық кітапхана мен 52 жоғары оқу орындары кітапханаларына салтанатты түрде тапсырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздегі жоғары оқу орындарын оқулықпен, сапалы әрі мазмұнды қазақ тіліндегі кітаптармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып келеді. Осындай олқылықтың орнын толтыруға сәл де болса өз үлесін қосуды көздеген «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі жоғары оқу орындарына арналған оқулық шығару ісіне демеушілік көмек ретінде 5 миллион теңге бөлген. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығының баспа орталығы Набибулла Махметжановтың «Жоғары математика есептерінің жинағы», Клара Олжабекова мен Бірлікбай Есжановтың «Омыртқалылар зоологиясы» 1-2 томы, Дәулетхан Смағұловтың «Металлография», Т.Омаров пен Маруан Танашеваның «Бейорганикалық химия» сияқты бірнеше оқулықтар жарыққа шықты.

«Барлық оқу жүйелерінде қазақша оқулықтар жетіспейтіндігі баршамызға белгілі. Сондықтан жастардың қазақша білім алуын жетілдіре түсу мен оларға қазақша тәрбие беру үшін өз септігімізді тигіздік деп есептейміз», дейді «ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің қаржы және экономика бөлімінің бас директорының орынбасары Айзада Үмбетова.

Сонымен қатар жиын барысында кітап авторлары Ахмет Байтұрсынов медалімен марапатталды.

Шараға университет ректорлары мен проректорлары, кітапхана директорлары, кітап авторлары және «ҚазМұнайГаз» Сауда үйінің өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар