Жойылып кету қаупі бар 10 түркі тілі туралы ҚР ғалымдарының деректері Макс Планк институтында сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғалып кету қаупіндегі 10 түркі тілдері туралы қазақстандық мамандар жинақтаған деректер Макс Планк атындағы институтқа сақтауға беріледі. Бұл туралы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры Сәуле Тәжібаева ұлысаралық қатынастар және этносаясатқа арналған семинар-тренингі сыртында айтты.
«Қазір әлемде 40-тан астам түркі ұлысы бар, олардың 25-і - Қазақстанда. 10-ға жуық түркі тілі жоғалып кету қаупінде. Ғалымдардың, ҚХА өкілдерінің күшімен біз маңызды ғылыми мәліметтерді жинап, жоғалып бара жатқан этностар тілін құжаттандырып, оларды ұрпақтар үшін сақтап қоямыз. Жинақталған барлық деректерді құжаттап, ғылыми түрде мұрағаттап, Голландиядағы Макс Планк институтында сақтаймыз», - деді ол.
Профессордың айтуынша, соңғы халық санағы бойынша Қазақстанда 218 қарайым, 25 қырымшақ, 96 шорлық, 37 тувалық, хакас, чуваш және т.б. бар.
«Олардың тілдері жоғалып кеткен саналады. Сондықтан материалды ғылыми талдау өте маңызды. Бұл тек біздің елге ғана емес, әлемдік түркітану қоғамдастығы үшін орасан құндылық болады», - деп қосты С. Тәжібаева.