Жойылып жатқан жануарлардың саны бойынша Шығыс Азия көш бастап тұр

АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Халықаралық табиғатты қорғау одағының жаңа «қызыл тізіміне» сәйкес құрып бара жатқан жануарлардың саны бойынша Шығыс Азия көш бастап тұр.

Жойылып жатқан  жануарлардың саны бойынша Шығыс Азия көш бастап тұр

 Азиядағы аса сирек, жойылуы мүмкін  жануарлардың тізіміне  әлемдегі аса улы - корольдік кеңалқым жылан және бирмандық питон кіргізілді. Браконьерлер олардың еті мен терісіне аңшылық жасайды. Жануарлардың бұл екі түрі медицинада жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды утро.ру.