Жозе Моуриньо «Реалдан» кетеді

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньо биыл жазда командадан кетеді. Клуб президенті Флорентино Перес Моуриньомен келісімді бұзу туралы келісті. Бұл туралы испаниялық Sport.es басылымына сілтеме жасап «Аламан» спорт порталы хабарлайды.
None
None

Моуриньо командадан биыл 30 маусымда кетеді. Ал жалпы, келісім бойынша ол «Реалды» 2016 жылға дейін жаттықтыру керек. Келісімді уақытынан бұрын бұзғаны үшін Перес Жозеге 10 миллион еуро төлейді. Команда басышысы мен Моуриньо арасында келіспеушілік те бар сияқты. Перес «Моуриньо» Цюрихте өткен «Алтын доп» тапсыру рәсіміне бармай команда беделіне нұқсан келтірді» деген пікір білдірді. Жозе алдағы уақытта ПСЖ командасын баптауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар