Жозеп Боррель Астанаға сапары туралы: Қазақстандағы ауқымды реформалар талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Жозеп Боррель Қазақстанның бастамаларына ЕО қолдау көрсететінін айтты, тап өткім келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Айта кетейік, бүгін Ақордада ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Ж. Боррель мен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді баспасөз мәслихатын өткізді.

«Жақын арада Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 30 жылдығын атап өтеміз. Ақпан айында біз осы айтулы датаны тойлаймыз. Қазақстан біз үшін өте маңызды серіктес болып саналады. Біз ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа мырзаға өзара сенім негізінде ортақ сын-қатерлерге қалай жауап беру керектігі жөнінде кең ауқымды пікірталас жүргізгені үшін алғыс айтамын. Біз қарым-қатынасымызды нығайта бергіміз келеді. Көп жылдар бойы экономикалық қарым-қатынас орнаттық және бүгінде Еуропалық Одақ аймақтағы ең ірі инвестор болып отыр», - деді Жозеп Боррель.

Сонымен қатар ол ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі екенін айта келе:

«Инвестиция және сауда қарым-қатынастарынан бөлек, басқа да салаларда ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Біз дипломатиялық қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», - деді.

Еуропалық Комиссияның вице-президенті Астанаға сапары аясында Қазақстандағы ауқымды реформалар талқыланғанын айтты.

«Алдағы сайлау – Қазақстанның осынау ауқымды реформаның күн тәртібін толық іске асыруды қамтамасыз ету үшін айқын ерік-жігерін көрсетудің маңызды мүмкіндігі. Бұл тұрғыда Еуропалық Одақтың қолдау көрсететінін атап өткім келеді. Қазақстанға жасаған осы сапарым мен үшін өте маңызды. Осы сапардан Өзбекстанға барамын», - деді Жозеп Боррель.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентімен кездесу барысында Ресей мен Украина арасындағы ахуал, Ауғанстандағы жағдай талқыланды.

Мұнымен қоса ол елдердің аумақтық тұтастығы мен егемендігі туралы БҰҰ Жарғысын құрметтеуге қатысты пікір алмасу болғанын атап өтті.

«Осы орайда Қазақстанның БҰҰ Жарғысына, яғни барлық елдердің аумақтық тұтастығына қатысты берік ұстанымы үшін алғыс айтамын», - деді Ж. Боррель.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ж. Боррельді қабылдады.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар