Жозеп Боррелль шетелде тұратын ЕО азаматтарына үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Еуроодақтың Cыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелm ЕО-ға мүше елдердің шетелде тұратын азаматтарына жеке үндеу жасады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Ж. Боррельдің үндеуі шетелде тұратын ЕО азаматтарын 2024 жылдың 6-9 маусымы аралығында өтетін Еуропарламент сайлауына белсенді қатысуға ынталандыруға бағытталған.
«Алдағы айда біз жаңа Еуропарламентті сайлаймыз. Еуроодақ Газадағы қақтығысты тоқтатып, екі мемлекет туралы шешімді жүзеге асыруға тырысуда. Бұл күрделі мәселе екенін білемін. Осы проблеманың барлығы сіз тұратын аймаққа қарамастан өзіңізге тікелей әсер етуі де етпеуі де мүмкін. Қазіргі кезде әлемнің түрлі елдерімен байланыс орнатып жатырмыз. Біз бейбітшіліктің орнауын, құқықтың сақталуын, өркендеуді қалаймыз. Егер сіз Еуропарламент сайлауында дауыс берсеңіз, бұл Еуропалық Одақты бүкіл әлемге ықпалды етеді. Сондықтан барлығыңызды сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті Боррель.
Еске сала кетсек, ашық есіктер күні Еуропарламентке қазақстандық отбасы келді. 4 мамырда Еуропаның негізгі институттары – Еуропарламент, Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес және тағы басқаларына есігін айқара ашты.
“Next month, we will elect new European Parliament, a key political player also for our role in the world to supporting peace, development, human rights”.
— European External Action Service - EEAS 🇪🇺 (@eu_eeas) May 12, 2024
HR/VP @JosepBorrellF addresses the EU citizens living abroad, to encourage them to vote & contribute to make the EU stronger pic.twitter.com/0dP2ZYTTXN