ЖПК 20 қараша жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні автокөлік жүргізушілерін көліктерінің жарығын қосып жүруге шақырады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Жол полициясы комитеті барлық жүргізушілерге 20 қарашада жол-көлік оқиғасы құрбандарын еске алу күні аясында ынтымақтастықты және қолдау белгісі ретінде автокөліктер фарының жақын жарығын қосып, түсте (жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де) автомобильдің дыбыс беру сигналын басуға шақырады.
None
None

Жол полициясы комитетінің мәліметіне қарағанда, жолдағы оқиғалар жыл сайын әлемде миллиондаған адамдарды өлтіреді және мүгедек етеді. Қазақстанда жыл сайын 3 мыңнан астам адам қаза болады, тағы да 14 мыңы жарақаттанады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша Дүниежүзілік жол-көлік оқиғасы (ЖКО) құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Жыл сайын Қазақстанда және әлемде БҰҰ Резолюциясына сәйкес қарашаның үшінші демалыс күні - Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар