ЖСДП Мәжіліс сайлауына 25 үміткер ұсынбақшы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Партияның кезектен тыс съезінде делегаттар осындай шешім қабылдады.

Сонымен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 25 кандидат ұсынады.

Оның 19-ы партия тізімімен, алтауы мажоритарлық әдіспен ұсынылып отыр.

«Бүгін өте маңызды съез өтіп жатыр. Қазақстанда маңызды өзгерістер болып жатыр. Халық үшін осыншама маңызды кезеңде елдегі жалғыз оппозициялық партия ретінде бұл өзгерістерден тыс қала алмаймыз», - деген партия төрағасы Асхат Рахымжанов Мәжіліс сайлауына ұсынылатын кандидаттар тізімі бірауыздан бекітілгенін мәлім етті.

«Жаңа ғана партия съезінде 19 кандидаттан тұратын тізім ұсынылып, бекітілді. Біздің кандидаттардың бәрі Қазақстан заңнамасындағы талаптарға толық сәйкес келеді. Одан бөлек жуықта ғана қабылданған әйелдер мен жастардан, мүгедектігі бар тұлғалардан тұратын қосымша тізім ұсыну талабын да сақтап отырмыз. Сондай-ақ, мажоритарлық жүйе бойынша 6 адам ұсынылады. Ол кандидаттар өз өңірінде айтарлықтай танымал болғандықтан жеңіске үміт арта алады деп ойлаймыз», - деді партия төрағасы.


Соңғы жаңалықтар