Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй ТЖМ есебіне алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған трагедияның себептеріне тоқталды.

шыңғыс әрінов
Фото: ҚР Үкіметі

«Жеке тұрғын үйлерде ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан балалардың топтық өлімі орын алады. Осындай оқиғаның бірі Жітіқара қаласында 11 қазанда болды. Салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Министрлік аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды өзінің ерекше бақылауында ұстауда. Бүгінде есепте тұрған 100 мыңнан астам үй бар», - деді ТЖМ басшысы.

Оның айтуынша, аталған 100 мың үйдің тұрғындарына әкімдіктер мен еріктілер бірлесіп атаулы көмек көрсетіп отыр. Өрт датчиктері орнатылып, жылу беру жүйелерін тазартылып тұрады.

«Нақтырақ айтқанда, 2021 жылдан бері 107 мыңнан астам датчик орнатылды. Олар адамды улы газдан болатын қауіп туралы алдын ала ескерту мүмкіндігін береді. Өрт датчиктерінің іске қосылған 55 жағдайы тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірі аман қалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

Соңғы жаңалықтар