Жуалыда қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды

None
None
ЖУАЛЫ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жуалы ауданында ауа-райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Ташкент» жол учаскесінде болған төтенше жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 техникасы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізген.

«26 автокөлік қар құрсауынан шығарылып, 140 адам эвакуацияланды. Оның ішінде сегізі бала. Олар жақын маңдағы Айша бибі ауылындағы жылыту пунктеріне жеткізілді. Бүгінде 3 жылыту пункті жұмыс жасауда. Онда ыстық тамақ, медициналық көмек ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмады»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство мәлімдемесінде аудандағы шалғай ауылдардың бәрімен байланыс орнатылғандығы жазылған. Құм төсеу, бақылау бойынша облыстық ТЖД, «Қазавтожол» мекемесі және жол патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша «Қауырт желі» ашылып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылған.

Мамандар әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақыруда.

Соңғы жаңалықтар