«Жұбайлар ай, жұбайлар» деп аталатын лирикалық комедияның тұсаукесері өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 5-інде Қазақтың Ғабит Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында жаңа қойылымның тұсаукесері өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лирикалық комедияның авторы - Мұхаметқали Қасенов. Режиссері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Айдос Бектеміров. Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының әртісі А. Бектеміровтың бұл шығармасы алғаш рет 2002 жылы қазанның 27-сінде «Пай-пай, жас жұбайлар» деген атпен қойылған болатын. Қазақтың Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарынан тұрақты орын алғанымен көрермен сұранысы азайып бара жатқандықтан оны режиссер қайта жаңартпақ. Онда сахна мен декорация қайта жасалып, атауы да «Жұбайлар ай, жұбайлар» деп өзгертіліп отыр. Оның қоюшы суретшісі - Серікхан Омаров пен Әнуар Асхатханов. Негізгі кейіпкерлерді Динара Әбікеева (Зәуреш) Ақмарал Дайрабаева (Ғазиза), Жанар Мақашева (Бану) Жұлдызбек Жұманбай (Қасым), Әділжан Шомбалов (Багратион), Бейбіт Камаранов (Есет), Әсем Қашағанова (Элиза) мен Жібек Бектемірова (неке қиюшы) сомдамақ.
Соңғы жаңалықтар