Жұдырықтай жұмыла білген жұрттың алар асуы биік болады – Мәулен Әшімбаев

 Бизнесті қолдау тетіктерін қайта реттеу қажет - Мәулен Әшімбаев
Фото: senate.parlam.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құтттықтады.

«Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен достықты дәріптейтін, бейбітшілік пен келісімді нығайтатын және ырыс пен ынтымақты арттыратын мереке.

Халқымыз қашанда осы құндылықтарға табан тіреп, қандай жағдай болса да мызғымас бірліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Биыл алапат су тасқыны кезінде оған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Шын мәнінде, жұдырықтай жұмыла білген жұрттың алар асуы биік болады. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде бірлік пен ынтымақ мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін баса айтты. Бұл ретте бүгінгі мейрамның мәні мен маңызы айрықша зор екені анық. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасына шаттық пен қуаныш тілеймін!

Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!»,-делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар
telegram