Жүген ұрлағанның қылмыстық ісі сотта қысқартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Успен аудандық сотында ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жүген ұрлағанның қылмыстық ісі сотта қысқартылды

Материалдарда 10 ақпанда таңертең М. деген азамат Травянка ауылындағы үйдің бірінен жүген мен ноқта ұрлағаны көрсетілген.

«Сот отырысында жәбірленуші мен айыпталушы медиаторға жүгінді, оның көмегімен екеу өзара татуласты. Сотқа қылмыстық істі қысқарту үшін дауды реттеу туралы келісім ұсынды», деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен М.-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды.