Жүгіруден әлем чемпионы допинг дауынан кейін спорттан шеттетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы (IAAF) допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін Беларусь спортшысы Марина Арзамасованы спорттан уақытша шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы IAAF-тың допингке қарсы күрес жөніндегі органы - Athletics Integrity Unit (AIU) баспасөз қызметі мәлімдеген.

31 жастағы спортшы тыйым салынған затты қолданды деген күдікке ілігіп отыр.

Айта кетейік, Арзамасова 2015 жылы 800 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанған, дәл осы қашықтықта 2014 жылы Еуропаның бас жүлдесін де жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар