Жүк көлігі мен автобус қақтығысынан 13 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - БАӘ солтүстігіндегі Дубайда орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 адам қаза тауып, 16-сы жарақат алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Жүк көлігі мен автобус қақтығысынан 13 адам қаза тапты

Келіп түскен мәліметке қарағанда, жұмыскерлерімен Оңтүстік-шығыс Азиядан таңертең ерте жолға шыққан автобус жол жиегінде тұрған жүк көлігіне барып соғылған. Зардап шеккендер «Аль-Рашид» и «Аль-Башара» ауруханаларына жеткізілді. Оқиға орнына Дубай полицейлері мен әмірліктің төтенше жағдай қызметінің мамандары келді. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.