Жүк көлігін тексеру кезінде полицейлер 53 қап марихуана тапты
АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Ямайкада полиция қызметкерлері жергілікті елді мекендегі автокөлікті штаттық тексеру кезінде бір тоннаға жуық марихуана тәркіледі.
Тоқтатылған жүк көлігінен жалпы салмағы 907 келі болатын есірткі салынған 53 қап табылған. Осы оқиғаға байланысты 4 адам ұсталды, алайда олардың біреуі ғана қамауға алынды.