Жүк көліктерінің жолда жүру жылдамдықтары азайтылады

ДТП пешеходы дороги
Фото: Жамбыл облыстық Полиция департаменті

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі «Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жаңа жобасын жариялады.

Ұсынылып отырған редакцияда елді мекен іші мен аумағында:

1) жүк көліктері мен автобустардан басқа санаттағы көлік құралдарына сағатына 60 және 90 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен;

2) жүк көлігі мен автобустарға сағатына 50 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен;

3) тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етілетіні айтылған.

Қолданыстағы ережеде 50 шақырымдық шектеу автобустарға ғана қолданылады. Жаңа редакция қабылданса, автобустардың қатарына жүк көліктері қосылмақ.

«Сондай-ақ, жол жүру ережесінен «4.5 белгісімен белгіленген велосипед жүретін жолағы бар жолдарда осы жолақпен мопедтен басқа, басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды», - деп келетін тармақ алынып тасталмақ.

Ережеде жаңа белгілік кестелерге түсініктеме берілген. Олар:

7.4.1 кестесі жүк автомобильдері,

7.4.2 рұқсат етілген массасы 3,5 тоннадан асатын, тіркемесі бар көліктер;

7.4.3 кестесі жеңіл автомобильдер мен рұқсат етілген массасы 3,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері;

7.4.8 кестесі «Қауіпті жүк»;

7.4.8а кестесі «Электромобильдер»;

7.4.8б «Электр самокат».

Соңғы жаңалықтар