22:21, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Жүк пойызы рельстен шығып, 200 мың литр күкірт қышқылы төгілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Квинсленд штатында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп жазады «Хабар» арнасы.

Апат салдарынан 200 мың литр күкірт қышқылы мен дизельді жанармай төгіліп, 3 адам жарақат алған. Жергілікті билік тұрғындарға оқиға орнынан алшақ жүруді ескертуде. Қазір теміржол қозғалысы тоқтатылып, жақын маңайдағы көлік жолдары да жабылған.