Жүк пойызы рельстен шығып кетіп, төрт үйді қиратты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикада жүй пойызы рельстен шығып кетіп, төрт үйді қиратты. Билік ақпаратынша, 14 вагондағы жартылай бос цистерналарда өсімдік майы тасымалданған.
Цистерналар тиелген жүк пойызы мексикандық Тласкала штаты Аписако қаласы ауданында рельстен шығып кетті, деп хабарлады БАҚ. Жапа шеккендер туралы деректер жоқ.