Жүк пойызы рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадада жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады CBC.
Келеңсіз жағдай осы елдің шығысындағы Скотчтаунда, қала көшелерінің бірін кесіп өтетін темір жол өткелінде болды. Вагондардың бірі аударылып кеткен. Көшедегі қозғалыс уақытша тоқтады.
«Экологиялық қауіп жоқ», - деп мәлімдеді пойыз операторы Sydney Coal Railway компаниясының өкілі. Сонымен бірге ол жүк пойызының көмір тасығанын атап өтті.