Жүк пойызының 23 вагоны рельстен шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Забайкалье өлкесінде Яблоновая - Тургутуй стансалары аралығындағы теміржол өткелінде жүк пойызының 23 вагоны рельстен шығып кетті.
Келеңсіз жағдай салдарынан төрт жолаушылар пойызының кідіруіне тура келді, деп хабарланды Забайкалье теміржолы сайтында.
Апат себебі айтылмай отыр. Тек белгілісі, вагондар бос болған, ешкім зардап шекпеген.
Қазіргі уақытта теміржол өткелінде қозғалыс тоқтатылды.