Жұқа мұз қауіпті: ШҚО құтқарушылары өзен-көлдерге 650 рейд жүргізді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысынң құтқарушылары «Абайлаңыз, жұқа мұз!» атты қауіпсіздік акциясын өткізуде.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір орташа тәуліктік температура нөлден жоғары деңгейге жетіп, мұз қарқынды жылдамдықпен еріп жатыр. Осыған орай құтқарушылар рейдке шықты.

«Жыл сайын бұл уақытта балықшылар мен балалардың жазатайым оқиғаға ұшырау қаупі артады. Біз қауіпсіздік рейдтерін жандандырып, азаматтарға балық аулау үшін өз өмірлеріне қауіп төндірмеу керектігін түсіндіріп жатырмыз. Барлығы биыл 650 алдын алу рейді өткізіліп, 4200 азамат қамтылған», - дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.
Оның айтуынша, ата-аналар қауіпсіздік шараларын бұзбауы және балалары су қоймаларында ойнамауы үшін оларға жіті түсіндіруі тиіс.