Жүкембаев мексикалық Ранхелді алғашқы раундта сұлатып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (7-0, 6 КО) Канаданың Монреал қаласында мексикалық Давид Ранхелмен айқасты, деп жазады Sports.kz.

Жүкембаев мексикалық Ранхелді алғашқы раундта сұлатып салды

Сегіз раундтан тұратын жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды. Қазақстандық өзінің қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл жеңіс Жүкембаев үшін кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісі, оның жетеуінде нокаутпен жеңген.