Жуковскийдегі Су-27 ұшағы құлаған кезде күйік жарақатын алған әйел ауруханада көз жұмды
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Мәскеу облысындағы Жуковский қаласы аспанында СУ-27 ұшақтары қақтығысып, жерге құлауы кезінде болған өрт кезінде қатты күйік жарақатын алған әйел Мәскеудегі №36 аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды,
деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Әйел есін жимастан, бүгін қайтыс болды», деп хабарлады ауруханадағы дерек көз.
МАКС-2009 авиасалоны қарсаңындағы дайындық кезінде екі жоюшы ұшақ соқтығысып қалып, оның біреуі бау-бақша серіктестігінің аумағына құлағанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккен. Қатты күйік жарақатын алған екі ер азамат пен бір әйел ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылған.
Әуе апатында сондай-ақ, «Русские витязи» пилотаждық тобының командирі Игорь Ткаченко опат болды.