Жүксалғышта адам тасығандар сотталып жатыр - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер азаматты соққыға жығып, көліктің жүк салғышында тасығандардың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір 4 жігіт ҚР ҚК екі бабы бойынша айыпталуда. Бүгін қаралған істе куәгерлердің жауабы тыңдалды. Ал процесс Қапшағай қалалық сотында өтуде.

«2017 жылдың 14 тамызында Н.Ж, С.Н, С.Д. үшеуі алдын ала сөз байласқан. Ол С. А есімді азаматтың  ұрлаған заттарын өз күштерімен қайтару мақсатымен Қапшағай қаласындағы «Фламинго» ойынханасы маңынан жәбірленушіні ұстап алып, соққыға жыққан. Артынша  соққыға жығылған азаматты Е. К. тізгіндеген «Daewoo Nexia» көлігінің жүк салғышына салған. Осы фактіге байланысты күдіктілер ҚР ҚК 389 бабы, 3-ші бөлігі және 125 бабының 2-ші бөлігі, 1-ші тармағы  бойынша айыпталуда», - деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

 Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың тамыз айының 14-нен 15-не қараған түні болған оқиға жайлы хабарлаған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram