Жүкті әйелдерге косметикадан бас тартқан абзал
АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Жүктілік кезінде құрамында фталаттар бар химиялық заттарды, косметикалық жабдықтар мен парфюмериялық өнімдерді қолдану - уақытынан ерте босануға алып келеді, деп жазады Medical News Today.
Фталаттар пластикалық бұйымдарға мықтылық, жұмсақтық, иілгіштік қасиеттер беру үшін, сонымен бірге косметикалық құралдар - шашқа арналған сусабындар, лактар мен тырнаққа арналған лактарды ерітетін арнайы химиялық зат ретінде кеңінен қолданылады.
Осыған дейін жүргізілген зерттеулердің нәтижелері фталаттар мен гормоналдық баланс арасында байланыстың бар екендігін көрсетті, ол эндометриоз бен кеуденің қатерлі ісігінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.