02:01, 21 Наурыз 2014 | GMT +5
Жүкті әйелдерге күннің астында ұзақ жүруге болмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күннің астында көп жүретін жүкті әйелдерде кейбір қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы Квинсленд технологиялық университетінің ғалымдары ескертіп отыр.
Осы орайда 45 әйелге зерттеу жүргізіліп, күн ұзаққа далада жүретін жүкті әйелдерде фоли қышқылының (В9 дәрумені) тұздық деңгейі 20 пайызға төмендеген екен. Ал жүкті әйелдерде фоли қышқылы тұзының тапшылығы баланың жүйке түтігінің кемшілігіне және омыртқаның жарықшақтануына байланысты болады. Бұл өз кезегінде балалардың сал ауруы мен дененің өзгеруіне алып келеді. Сонымен қатар дәруменнің тапшылығы түсікке де ықпал етуі мүмкін.
Профессор Майкл Кимлин зерттеу тұжырымдары тек тропикалық өңірлердің тұрғындарына қатысты екенін жоққа шығармай отыр. Ол осы бағытта ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізуге кіріспек, деп жазады Росбалт.