Жүкті әйелдерге шалқалап жатуға тыйым салынды

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Шалқалап жатуды ұнататын жүкті әйелдерде іш тастау және баланы өлі туу қаупі артады.
None
None

Бұл туралы Сиднейдегі ханзада Альфредтің Корольдік ауруханасының қызметкерлері мәлімдеді, деп жазады The Daily Mail.

Зерттеу барысында мамандар бүкіл Австралиядағы сегіз ауруханада жатқан 295 жүкті әйелді (жүктілік мерзімі 32 аптадан асқан) бақылады. Нәтижесінде олар арқамен жату әдеті өлі бала туу ықтималдығын алты есеге (оқиғалардың 50 пайызында нақты себептерді анықтау мүмкін емес) арттыратындығын анықтады, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Жұмыс жетекшісі Адриенн Гордонның айтуынша, бұған дейінгі  мәліметтер де осындай қалыпта жату іштегі нәрестеге қанның баруын шектейді. Оң жақ бүйірмен жату - аяқтан бастап жүрекке баратын  қанның күре тамыр арқылы келуін азайтады. Сарапшылар жүкті әйелдердің төрттен үш бөлігі негізінен сол жақ бүйірімен ұйықтайтындығын анықтады. Олар әйелдер ұйқы үшін нәрестеге ыңғайлы қалыпты инстинктпен таңдайды деп пайымдайды.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум