Жүкті келіншектер 70 млн теңгені үптеп кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында үш әйел жүкті келіншектермен келісе отырып, әлеуметтік төлемақыға арналған бюджеттің қыруар қаржысын жымқырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Ол әйелдер Алматы қаласының кәсіпкерлері атынан жүктілік пен босануға, сондай-ақ бала күтіміне арналған әлеуметтік төлемдерді үптеп кеткен. Мемлекетке келген шығынның жалпы сомасы 70 млн теңгеден асып жығылады. Қазіргі кезде аталған қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді Экономикалық тергеулер департаментінің профилактикалы жұмыс және бақылау бөлімінің бастығы Арман Есембаев Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеулер қызметі алты айда атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Соңғы алты айдың ішінде экономикалық қылмыстар бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Бұл қаржы шамамен 70 мектепті тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен жабдықтауға жетеді. Ал, Шымкенттік шенеуніктер бюджет ақшасын жымқырудың тағы бір жолын тапты.

Соңғы жаңалықтар