Жүктілік қатерлі ісіктен құтқарды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Америкалық Никола Веллердің жүкті кезінде дәрігерлер оның жатырынан қатерлі ісік тапты.
Бірақ жүктіліктің жетінші аптасынан кейін ісік өзінен-өзі жоқ болып кеткен, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Мамандар бұған жүктілік кезінде жатырда бөлінген гормондар әсер етті деп есептейді. Мeddaily.ru-дың хабарлауынша, мұндай жағдай тәжірибеде тұңғыш рет тіркеліп отыр. Қазір әйел аман-есен босанған. Өзінде де, сәбиінде де обыр ауруы белгісі жоқ. Америкалық дәрігерлер «жүктілік жатыр қатерлі ісігінен сақтайды» деген тұжырым жасауға болатынын айтады.