Жүктілік пен жұмыссыздық бойынша төлемдерді арттыру қарастырылуда – Тамара Дүйсенова
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 300 мыңнан астам ана жүктілігі бойынша бұрынғы орташа еңбекақысының 100 пайызын, ал балаға қарау кезеңінде еңбекақысының 40 пайызын алып отыр. Сондай-ақ, жұмыссыз қалған 105 мың азаматқа олардың еңбекақысының 40 пайызына дейін 6 айға дейін беріліп жатыр. Кейінгі жылдары бұл төлемдердің мөлшерін едәуір көтеру мәселесі қарастырылуда», - деді Тамара Дүйсенова Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұған дейін Тамара Дүйсенова Яндекс, Убер, Вольт және Глово платформаларында жұмыс істейтіндердің де әлеуметтік құқықтары қорғалатынын айтқан еді.
Сонымен бірге, 24-30 маусым күндері бос жұмыс орындарының алғашқы онлайн-жәрмеңкесі өтеді.
Одан бөлек, министр Қазақстандағы жұмыс күшінің 60% миллениалдар мен Z буын еншісінде екенін айтқан еді.