ЖУЛЬЕН СМИТ: 20 жаста білуіміз керек 20 нәрсе...

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық жазушы Жульен Смит жастарға мынандай ақыл-кеңестер берген. Оның пайымынша, 20 жаста табысты адам болу жолына сәтті қадам жасай білу үшін әркім мынадай 20 дүниені білуі тиіс.

ЖУЛЬЕН СМИТ: 20 жаста білуіміз керек 20 нәрсе...

1. Әлем сені ақымақ еткісі келеді. Мәселен, банктік жүйені білмейтін адам кредитті өте көп мөлшердегі үстемесімен алып, соңынан сан соғады. Білімсіз адамнан ақша табу және оны басқару оңай. Бақытты, бай және тәуелсіз болғың келсе, мүмкіндігінше білімді болуға тырыс.

2. Білім беру институттарына біржақты сене берме. Олар оқу жоспарын дайындап, оның қате жасалғаны анықталғанша, көп уақыт өтеді де, жұмыс жасап тұрған жүйе сол уақыт ішінде күйреп үлгереді. Сондықтан, біреудің соңынан жүріп оқығанша, көш бастау арқылы білім алу жөн.

3. Мүмкіндігінше көп оқы. Еске сақтау қабілетіңді жақсартып алып, тез оқуға тырыс. Мен білемін, сен бір аптада кем дегенде бір кітапты оқып бітіре аласың.

4. Әркезде де барлық адаммен байланыста бол. Байланыс жасаудың шебері бол. Адамдардан жақсы қасиет табуды әдетке айналдыр. Оны сол жақсы қасиетімен таны.

5. Қарапайым боламын деп уақытты сарқыма. Қарапайымдылық - сіз шешім қабылдап жатқан сәтіңізге сіздің сезімдеріңіз төрелік етеді дегенге сену. Қарапайым әрі нақты әрекет ет.

6. Егер әлдекіммен байланыста сені әлдене жаман қырымен «таңғалдырып», мазалайтын болса, араны үз. Бұл - уақытыңды бос өткізу.

7. Үлкендермен көбірек аралас. Шешім қабылдауды үлкеннен үйрену дұрыс. Қатарласыңнан үйренудің еш нәтижесіз екенін біл. Үлкендер сендердің кейіннен білетіндеріңді біледі, сондықтан «кейінді» күтпей, сол сәтте үлкеннен сұрағаның абзал.

8. Өзіңнен мықты адамды ізде. Онымен көп уақытыңды бірге өткіз. Ол мықтымен деңгейлес болуға, тіпті озуға да талпын.

9. Мәселені кешіктірмей бітір. Егер мәселе шешімін таппай, ұзаққа созылса қорқыныш үдей береді. Маған сен...

10. Шығынды барынша азайт. Бұл сенің басты арманың мен мақсатыңа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

11. бір сәттік қуанышты емес, мәңгі есте қалатын қызықты таңда . Мәселен, жаңа жиһаз алу немесе Парижге барып келу таңдауы қатар келсе, соңғысын таңдағаның жөн. Зерттеулер бұндай таңдаудың адамның өзін-өзі бағалауын арттыратынын көрсеткен.

12. Жағдайың нашар болса, ең бірінші материалдық мәселеңді шешу керек. Сенде 5 жылға арналған жеке жоспар болу керек. Бұған біртіндеп келуге тырыс.

13. Жобалауды үйрен. Бұл елестету қабілетің мен логикаңды дамытады.

14. Жастайыңнан салмақ арттырма. Мүмкіндікті жіберіп алмау керек.

15. Тамақ жасауды үйрен. Бұл өміріңді оңай етеді. Тамақ жасауды жұмыс деп емес, көңілге жағымды іс деп ұғу керек. Әрине, бұл арқылы ақшаңды оңға-солға шашуды азайтасың.

16. Ұйқыны қандырып жүріңіз. Ұйқы мен тұрақты тамақтану семіздіктен құтқарады. «Мен қазір мынаны жасауым керек» немесе «О дүниеде де ұйықтап үлгеремін» десең, айтайын - «ұйқың тыныш болмаса сен ештемеге де жарамайсың!».

17. Блокнотың болсын. Миыңа сенбе. «Мынаны істеуім керек пе еді...» деген оймен емес, қағазда жазылған нақты тапсырманы жаса.

18. Алдыңа үлкен мақсат қоя біл де, оны орындауға мүмкіндік ізде. Болар нәрсе болар, бірақ болар нәрсенің болатынын алдын ала білсең, өзіңе жақсы...

19. Әйтеуір бір саланың шебері бол. Айналсоқтап жүре бермей, бір іске 5 жылыңды арна. Одан кейін мамандықты ауыстырғың келсе - ерік өзіңде. Бірақ ауысқан салаңа сенімді бол.

20. Адамды түзеймін деп әуре болма. Оданша «бүлінбеген» адамдарды іздеп тап.