Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын қамтитын ІІ «Еуразия Барысы» Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қарашада Таразда Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған қазақ күресінен ІІ «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын қамтитын ІІ «Еуразия Барысы» Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналады

Турнирге Қазақстан балуандарынан бөлек, Қытай, Әзербайжан, Қырғызстан, Грузия, Польша, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерінің құрамалары қатысады.

Жарыс бес салмақ дәрежесі бойынша командалық сайыс түрінде өткізіледі.

Турнирдің жалпы жүлде қоры жүз мың АҚШ долларын қамтып отыр.

Жобаны «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, ҚР Қазақ күресі федерациясы, Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр. Ал осы айтулы спорттық додаға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бас демеушілік етпек.