Жүлде қоры 7,5 млн. теңге болатын «NIF$50K» инновациялық бизнес-жобалар байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда

АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда «NIF$50K» инновациялық бизнес-жобаларының республикалық байқауына өтініштер қабылдау жалғасуда.
None
None

Байқаудың мақсаты  тұрғындардың инновациялық белсенділігін жоғарылатып, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау. Шараны  ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қолға алған.  Бұл туралы аталған ведомствоның  баспасөз қызметінен хабарланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірегей әрі танымал «НИФ$50К» инновациялық бизнес-жобалардың республикалық байқауы талантты да талапты қазақстандықтарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сатылай іріктеулер барысында тиімді инновациялық жобаға қатысушылар мен көрермен бизнес стратегиясын жасау мен экономикалық жоспар құруда, маркетингтік зерттеу жүргізу мен пиар-тұжырымдама жасауда мол тәжірибе алады. Байқау жеңімпазы 7,5 млн.теңге көлеміндегі грантқа иеленеді.  Жобаның қатысушыларына еліміздегі табысты бес бизнесмен таңдау жасайтын болады. Олар әр тапсырмаға қатысты үміткерлерге арнайы сабақтар өткізіп тұрады. Дайындық жұмыстарында әлемдік тәжірибемен қоса, әр кеңесшінің жеке тәжірибесі де қолданылады. Барлық кеңестер жобаны көрерменге әр қырынан ашып, түсінікті етіп көрсетуге бағытталған. Байқауға инновациялық жоба авторы болып саналатын кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтініштер үстіміздегі жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Соңғы жаңалықтар