«Жұлдыз» турнирінің аясы кеңейіп келеді

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - «Жұлдыз» мектебінің кубогы үшін көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің аясы кеңейіп келеді. Бүгін «Жұлдыз - 2013» II Халықаралық турнирінің ашылу рәсімінде ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов осылай айтты.
None
None

Агенттік төрағасы атап көрсеткендей, «Жұлдыз» мектебінің ашылғанына бір жыл болса, оның аясында көркем гимнастикадан халықаралық турнир осымен екінші рет өтіп отыр. «Осы жолғы турнирге он елдің жас гимнастары келді. Олардың саны бүгінде 200-ден асты. Жалпы, бүгінде Қазақстандағы спорт қарқынды дамып келеді. Меніңше, оған Лондон Олимпиадасы қатты әсер етті», - деп атап көрсетті Е. Қожағапанов.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында «Жұлдыз - 2013» кубогы үшін көркем гимнастикадан II Халықаралық турнир басталды Оған Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Сингапур, Израиль, Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан мен Қазақстанның жас гимнастары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар