«Жұлдыздар» кімге жанкүйер?

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Әлемнің танымал адамдары арасынан футбол жанкүйерлері көптеп кездеседі. «Аламан» ұлттық спорт порталы әйгілі тұлғалардың қай футбол клубына жанкүйер екендерін тізіп шықты.
None
None

Бред Питт және Анжелина Джоли

Бұлардың отбасында футбол бойынша келіспеушіліктер бар. Бред Питт «Манчестер Юнайтед» клубына жанкүйерлік етеді. Анджелина болса «Ливерпуль» клубының жанкүйері. Айта кетерлік тағы бір жайт Робби Уильямс, Орландо Блум және Джастин Тимберлейктер «Манчестер Юнайтед» жанкүйерлері. Ал танымал «Бонд» Шон Коннери болса «Ливерпуль» клубына жақтасады.

Елизавета ІІ

Англияда ең танымал фанаттардың бірі Елизавета ІІ болса керек. Ханшайым Лондонның «Арсенал» клубының жанкүйері. 2007 жылы клубтың жаттықтырушылары мен футболшылары үшін Букингем сарайында арнайы қабылдаған.

Сильвестор Сталоне

Жас кезімізден танитын осы «Рокки» қарапайым клубтардың бірі болған «Эвертонға» жанкүйер екен. «Эвертон» Англияда емес, әлемнің басқа бұрыштарында да жанкүйерлерге ие. Бұдан бөлек Пол Маккартни де «Эвертонды» қолдап-куаттайды.

Билл Клинтон және Шарлиз Терон

АҚШ-тың бұрынғы президенті «Челси» клубының нағыз жанкүйері екендігін оның қызына «Челси» - деп ат қойғандығынан білуге болады. Тіпті матчтардың бірінде «Ақсүйектер» Шарлиз Теронга үзіліс уақытында өз есімі жазылған жейдені сыйлаған.

Адриано Челентано

Челантано тіпті студияда ән жазып жатқан кезінде де, жұмысы бастан асып жатса да өзінің сүйікті клубы «Интердің» ойынын тамашалап кетеді екен. 2008 жылы клубтың жүз жылдық мерекелік тойында «il ragazzo della Gluck» өлеңін шырқаған болатын. Клуб президенті Массимо Моратти сол кезде «Челентаномен бірге ән айтқан, Пелемен бірге футбол ойнағандай фантастика» деген.

Софи Лорен

«Шынар астындағы дуэль» экрандарға шыққан кезде өте танымал болған Софи футболдың жанкүйері. Ол Италияның «Наполи» клубына жанкүйерлік танытады.

Тото Кутуньо

Италияның танымал әншісі - «Милан» клубына болысады. Ол тіпті клуб президенті Сильвио Берлусконимен дос. Тото көбіне өзінің танымал «Serenata» әнінің «Per i vecchi artisti e i camerieri» деген жерін «Forza Milan, Forza Rossoneri» деп айтады.

Хулио Иглесиас

Хулио 16 жасында «Реал Мадрид» мектебінде қақпашы болған. Бірақ, 1963 жылы автомобиль апатына түскен соң оның барша жоспарлары арман болып қалды. Ол екі жыл ауруханада жатып, гитара тартуды үйреніп, әншілікті таңдады. Хулио қазірге дейін «Реалдың» жанкүйерлерінің бірі. Бұдан бөлек теннисші Рафаэль Надаль, актерлер Антонио Бандерас және Пенелопа Круз да «Реалдың» жанкүйерлері.

Шакира

Шакираның 2010 жылғы әлем біріншілігіне жасаған саундтрегін көрмеген адам жоқ шығар. Оның футболшы Жерард Пикемен арасындағы махаббат сеімдері баршаға белгілі. Шакира «Барселона» өткізген матчтарда көп көзге түседі. Бұдан бөлек, Михаэль Шумахер, баскетболшы Коби Брайант та «барсашылар».

Соңғы жаңалықтар