Жұлдыздар матчы-2018 жарысын Астанада өткізген дұрыс - ҚХЛ сайтының оқырмандары
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықаралық хоккей лигасының ресми сайтында «Қай қала Жұлдыздар матчы-2018-ді қабылдауы тиіс» деген сауалға дауыс беру жүргізілуде. Әзірше сауалнама барысында Астана көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Уфадағы ҚХЛ-дің Жұлдыздар матчы алдында ойыншыларды таныстыруға арналған салтанатты шара өтті. Таныстырылған ойыншылар қатарында Дмитрий Чернышенко, Рене Фазель, Алексей Морозов, сонымен қатар лиганың ресми серіктестерінің өкілдері бар.
«Жиналғандарға Жұлдыздар матчы-2018-ді өткізуге үміткер қалалардың өтінімдері таныстырылды. Хельсинки ролигінің бас кейіпкері даңқты Яри Курри болды. Ал матчты өткізуге қосымша дәлел ретінде келесі жылы Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығы мен «Йокеританың» 50 жылдығы аталды», - деп жазады khl.ru.
Сайт ақпаратына қарағанда, Владивасток өтінімін таныстыруға Приморск өлкесінің губернаторы Владимир Миклушевскийдің өзі келген.
«Приморскіде хоккейді үнемі жақсы көрсетті. Бірақ, Владивостокта «Адмирал» хоккей клубы құрылғаннан кейін сүйіспеншілік арта түсті. Мүмкіншілік болғанда мен барлық матчтарды көруге тырысамын және ол ұмытылмас керекелік көңіл-күй сыйлайды. Біздің хоккейге деген сүйіспеншілігіміз сіздерге де беріледі деп сенеміз», - деді ол.
Салтанатты шара барысында таныстырылған Жұлдыздар матчын өткізуге үміткер Астана мен Қазан қалаларының роликтері де көпшіліктің көңілінен шықты. ҚХЛ-дің бағалау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп, әрбір қаладағы спорт ныснадарын тексеріп шыққаннан кейін нақты шешім қабылданатын болады.
Сауалнамаға қатысушылардың 90 пайызы Астанаға, 4 пайызы Хельсинкиге дауыс берген. Ал Қазан мен Влдадивосток қалалары 3 пайыздан дауыс жинаған.