«Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы Ж.Қалыбай президенттік сайлауда бақ сынамақ - ҚР ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы Жарылқап Қалыбай кезектен тыс президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелді.

 «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы Ж.Қалыбай президенттік сайлауда бақ сынамақ - ҚР ОСК

Ол президенттікке үміткер ретінде өзін-өзі ұсынып отыр. 1959 жылы дүниеге келген. Алматы қаласында тұрады. «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы, «Аңыз адам» журналының бас редакторы.

Айта кетейік, осымен ҚР президенттігіне үміткерлердің саны 22 адамға жетіп отыр. Оның 2-еуі әйел. Орталық сайлау комиссиясы 8 үміткер тіркеуден бас тартты. Олардың 2-еуінің жасы Конституцияға сәйкес сайлауға түсу жасына толмаған, 6-уы лингвистикалық комиссия сынағын тапсыра алмады. Ал лингвистикалық комиссия сынағынан өткен 4 үміткер бүгінде қолдау қолын жинауға кірісіп кетті.