«Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі-7» фильмінің әлемдік премьерасы өтетін күн белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Lucasfilm және Disney студиялары «Жұлдыздар шайқасы: күштің серпілісі» фильмінің әлемдік премьерасы өтетін күнді нақтылады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
Картинаның жетінші эпизодын экранға 2015 жылдың 14 желтоқсанында Лос-Анджелесте шығару жоспарланып отыр. Фильмге Харрисон Форд, Марк Хэмилл, Кэрри Фишер, Энтони Дэниэлс, Оскар Айзек, Дэйзи Ридли, Макс фон Зюдоф, Донал Глисон, Лупита Нионго т.б. актерлер түскен. «Жұлдыздар шайқасы» - культті фантастикалық сага, ол 6 кинофильмнен құралған. Американдық режиссер Джордж Лукас түсірген алғашқы фильмі 1970-ш жылдардың басында экранға шыққан еді.